Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Жаңалықтар

1707/17
Национальный центр аккредитации способствует продвижению экспорта отечественной продукции

Ұлттық аккредиттеу орталығы отандық өнімдерді экспорттауға ықпал етеді

Бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің медиа-орталығында Техникалық реттеу және метрология  комитетіне қарасты Ұлттық аккредиттеу орталығының бас директоры Мақсұт Өмірханов аккредитацияның отандық өнімдерді экспорттауға қалай ықпал ететін айтып,  Қазақстан Республикасындағы аккредиттеу жүйесін түсіндірді.

Ол аккредитация – қызметтер мен өнімдерді, сәйкестікті бағалау органдарының біліктілігіне қоғамдық сенімді ұялататын тетік екенін атап өтті. Бұдан бөлек, аккредитация саудадағы техникалық кедергілерді азайтуға ықпал етіп, отандық экспорттаушылардың бәсекеге қабілеттілігін артырады.

Отандық өнімдерді экспорттауға ықпал ететін тағы бір тетік – ол Ұлттық аккредиттеу орталығының халықаралық аккредиттеу ұйымының мүшесі болуы.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен Техникалық реттеу және метрология комитетінің жемісті жұмысының нәтижесінде Қазақстан  2010 жылы ILAC-ң толық құқықты мүшесі және ILAC MRA-ң қол қоюшысы болды. Ал, 2013 жылы IAF-ң толық құқықты мүшесі және IAF MLA келісімінің қол қоюшысы болды.

Бұл ұзақ жұмыстың нәтижесі ретінде ҚР заңды тұлғаларына ILAC MRA белгісімен берілген 570 114 сынақ хаттамасын айтуға болады. Олардың ішіндегі 10 492 сынақ хаттамасы – ҚР шегінен тыс, сонымен қатар, IAF MLA белгісі қойылған 10 335 сәйкестік сертификаты бар.

Брифингте Мақсұт Өмірханов сынақ хаттамасы негізінен балыққа және балық өнімдеріне, ет пен ет өнімдеріне, шұжық өнімдеріне, сүт пен сүт өнімдеріне, ара балына, астық өнімдері (жемдік арпа, жемдік бидай, бидай кебегі), жүгері, күнбағыс, ұн, күнбағыс жомы, соя жомы, рапс жомы, қой жүні, былғары шикізаты, ІҚМ терісі сияқты өнімдерге берілгенін хабарлады.

IAF MLA аралас белгісіне сәйкес сертификатқа келер болсақ, ондай сертификаттар негізінен  Финляндия, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей Федерациясы сияқты елдеге жіберілетін көмірге, лак және бояу өнімдеріне, рапс жомына, соя жомына, балық консервісіне берілген.

Орталықтың бас директоры аккредиттеудің жаңа бағыттарын игеру мен Ұлттық аккредитация орталығын халықаралық аренаға таныту үшін үлкен жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар спикер орталықтың 2017-2019 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары бекітілгенін айтты. Онда жұмыс пен қызмет көрсету саласындағы сапаны жақсартуға, саудадағы техникалық кедергілерді азайтуға, отандық өнім экспортын арттыруға мүмкіндік беретін нақты міндеттер белгіленген.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ма?

© 2017

Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі

Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тексеру департаменті